КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ

2025-2026 оқу жылына арналған

«Ай-Шах» жекеменшік балабақшасының отбасыларымен жұмыс жөніндегі консультациялық пунктінің жұмысы

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

«Ай-Шах» жекеменшік балабақшасының отбасыларымен жұмыс жөніндегі
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Консультация тақырыбы Өтетін формасы Өткізу уақыты Мамандар
1 Балабақшаға саяхат Ашық есік күні Қыркүйек айы Директор Әдіскер Тәрбиеші
2 Балалармен қарым-қатынастың маңызды сәттері Дөңгелек үстел Қазан айы Директор Әдіскер
3 Гаджетсіз балалық шақ Кеңес беру Қараша айы Әдіскер Психолог
4 Балалардың таным іс-әрекетін диагностикалау Психологиялық тренинг Желтоқсан айы Психолог
5 Балаларды дамытуға арналған жаттығулар Ойын іс-әрекеті Қаңтар айы Логопед
6 Музыкалық ойын Ойын іс-әрекеті Ақпан айы Музыка жетекшісі
7 Адам заттың асылы - ана Мерекелік іс-шаралар Наурыз айы Директор Әдіскер Тәрбиеші
8 Көңілді қыстырғыштар Шебер сағат Сәуір айы Әдіскер Тәрбиеші
9 Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында ертегілердің атқаратын рөлі Баяндама Мамыр айы Әдіскер Тәрбиеші

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

2025-2026 оқу жылына арналған
«Ай-Шах» жекеменшік балабақшасының отбасыларымен жұмыс жөніндегі
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТІҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

Апта күні Жұмыс уақыты МДҰ жауапты қызметкерінің лауазымы Байланыс номері
Дүйсенбі-Жұма 09.00-10.00 Директор +7 701 610 2187
Сәрсенбі-Жұма 10.00-11.00 Әдіскер +7 700 610 3311
Сейсенбі 11.30-12.00 Мейірбеке, аспаз +7 702 293 9811
Сәрсенбі 13.00-14.00 Тәрбиеші +7 777 193 4516
Бейсенбі 13.00-14.00 Логопед +7 707 568 4166
Жұма 10.30-11.30 Психолог +7 747 107 6376

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Жалпы ақпарат

Мектепке дейінгі ұйым базасында құрылған ата-аналарға арналған консультациялық пункттер мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда отбасына көмек көрсетудің балама түрлерінің бірі болып табылады.

Консультациялық пункттердің мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалары мектепке дейінгі ұйымға бармаған ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету.

Негізгі міндеттері:

  • Ата-аналар қоғамдастығына мектепке дейінгі ұйым мамандарының психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуін жүзеге асыру
  • Балаларды мектепке дейінгі ұйым жағдайларына бейімдеу және әлеуметтендіру
  • 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық құзыреттілігін арттыру
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы кездесетін бұзылушылықтардың алдын алу және уақтылы теңестіру

Қызметі мен міндеттері

Консультациялық пункттердің және оның мамандарының қызметі отбасы мен әлеуметтік, медициналық және басқа да ұйымдар арасында байланыстырушы буын болуға арналған, олардың жалпы мақсаты баланың толыққанды дамуында ата-аналарға диагностикалық және консультациялық көмек көрсету және қолдау болып табылады.

Консультациялық пункттерді ұйымдастырушылар баланың физикалық және психикалық денсаулығының алдын – алу мәселелерін шешеді. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымның мамандары балалардың дамуындағы кездесетін бұзылушылықтардың алдын алу және теңестіру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

Консультациялардың тізбесі үлгілері:

  • Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру
  • Ерте жастағы балалар дамуының жас кезеңдері
  • Балалардың тамақтануын ұйымдастыру
  • Үй жағдайында ойын әрекетін ұйымдастыру
  • Балаларды шынықтыру және сауықтыру үшін жағдай жасау және т.б.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

Мектепке дейінгі ұйым базасындағы консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру тәртібі

1

Негізделу

Консультациялық пункттер Білім басқармасының (Бөлімінің) шешімі бойынша мектепке дейінгі ұйымдар базасында құрылады.

2

Жарғыда көрсетілуі

Консультациялық пункттердің болуы мектепке дейінгі ұйымның Жарғысында көрсетіледі.

3

Қағидаларға бағдарлану

ҚР БҒМ 2020 жылғы 18 мамырдағы №207 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына» бағдарлану қажет.

4

Келісім-шарт

Балалардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) келісім-шарт жасалады.

Жұмыстың ерекшеліктері

Қатысушылар

Мектеп жасына дейінгі 1 жастан бастап балалар, ата-аналар, мамандар, әлеуметтік және медициналық ведомстволардың өкілдері қатыса алады.

Жұмысты тоқтату

Халықтың әлеуметтік тапсырысының болмауына байланысты, бала күтімі экономикалық жағынан орынсыз болған жағдайда жұмыс тоқтатылуы мүмкін.

Жұмыс кестесі

Консультациялық пункттер мамандарының жұмыс кестесін мектепке дейінгі ұйым халықтың әлеуметтік тапсырысын ескере отырып дербес айқындайды.

Құжаттамалары

Консультациялық пункттердің қызметі мынадай құжаттармен реттеледі:

Нұсқаулық

Консультациялық пункт туралы нұсқаулық

Жарғы

Мектепке дейінгі ұйымның жарғысы

Келісім-шарт

Ұйым мен ата-аналар арасындағы келісім-шарт

Қызмет көрсететін мамандар

Ата-аналарға (заңды өкілдерге) және балаларға қызмет көрсету үшін балабақшаның мынадай қызметкерлері тартылады: әдіскер, тәрбиеші, музыкалық жетекші, дене шынықтыру нұсқаушы, педагог-психолог, логопед, медбике. Мамандар ата-аналарға (заңды өкілдерге) ұсынымдар береді және оларға өз құзыреті шегінде консультация береді.

Консультация алу тәртібі

Тегін көмек

Көмек тегін көрсетіледі. Ата-аналар (заңды өкілдер) алғашқы жүгінген кезде консультация ала алады.

Кездесу уақыты

Мектепке дейінгі ұйымның нақты қызметкерімен кездесу туралы келісе алады.

Тіркеу

Өтініш «Ата-аналардың сұрауларын алдын ала тіркеу журналында» тіркеледі.

Қорытынды

Осылайша, ата-аналар балалармен әр түрлі әрекеттерде білім, білік және дағдыға ие болады, баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бірлесіп ойындар ойнауды үйренеді. Аналар балаларды тәрбиелеу мен дамытуда тәжірибе алмасады, өздерінің ата-аналық ұстанымдарын талдайды. Демек, ата-аналар балаларды ерте жастан бастап дамыту және онымен өзара әрекет ету мәселелерінде құзыретті болады.

ҚҰЖАТТАРДЫ ЖҮКТЕУ

Кп жұмыс жоспары.pdf PDF

2025-2026 оқу жылына арналған консультациялық пункттің жұмыс жоспары

Кп жұмыс кестесі.pdf PDF

Консультациялық пункттің жұмыс кестесі

Кп перспектива.pdf PDF

Консультациялық пункттің даму перспективалары

Кп сайт.docx DOCX

Консультациялық пункт туралы ақпарат сайт үшін

Кп слайд.pptx PPTX

Консультациялық пункт туралы презентация